Қажылығын өтеуге барған қазақстандықтар жиі сырқаттануда

Қажылық парызын өтеуге аттанған қазақстандықтарға биылғы сапар оңай соқпай тұр. Қағбаға жеткен отандастарымыз қазір жиі науқастануда.

Қажылығын өтеуге барған қазақстандықтар жиі сырқаттануда Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Көбі ыстық өту немесе тұмау секілді сырқаттар. Ал елімізден арнайы жеткізілген дәрігерлерге аталмыш жағдай ескеріліп жедел жәрдем көлігі алдырылды.

Одан бөлек қажыларды Меккеге апарған компаниялардың да жұмыстары сынға ілігіп отыр. Жедел жәрдемнің дабылына меккелік мұқым ел үйренген. Өйткені аптабы алпыс градусқа жуықтайтын қасиетті мекенге қажылығын өтеуге жеткен қандастарымыздың балтыры сыздап басы ауыра бастады.

Денсаулығы дімкәс қажыларға қызмет қылуға аттанған бес дәрігер қазір күні түні талмай жұмыс атқаруда. Умра басталғалы санаулы тәулік өтсе де жиырмаға жуық науқас түсіпті.

"Ауа райы Меккеде өте ыстық, 45-50 градусқа дейін ыстық болады. Мына жатқан қонақ үйлерінде кондиционерлер тұр. Өте суық, қажылар ыстыққа шығады суыққа кіреді солай ауырып қалады, негізінен тұмаумен сырқаттанады", - дейді дәрігер-кардиолог  Манас Әбділдаев.

Діни басқарма қызметкерлері түн қатып жүріп қажылардың жағдайын біледі. Кімнің қалай, қайда жатқанын көреді. Тіптен ас ауқатына дейін бақылайды асханаға түсіп. Егер әкелген қажылары арыз айтса компания басшылары қатаң жазалады.

"Егер де қажылық фирмалардың тарапынан өрескел тәртіп бұзғандар болатын болса келесі жылы Алла қаласа 2015 жылы қажыларға қызмет ету құқығынан айрылады. Себебі ҚМДБ бұл жерде квотаны осы фирмаларға үлестіруші. Бір жағдай болды бір Қазақстандық қажы күннің осындай аптабына қарамастан бес рет Умра жасаған. Денсаулығын аманат еткен қажыларға қиянат жасамау міндет, фирмалардың кемшілігі осылай боп жатыр", - дейді ҚМДБ аппарат басшысы  Ғылымбек Мажиев.

Источник: NUR.KZ