"Арқанкергенде" қаза болған сарбаздардың отбасына өтемақы төлеуден бас тартылды

Сот "Арқанкерген" бекетінде қайтыс болған шекарашылардың отбасына моральдық шығын төлеуді қолдаудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: tengrinews.kz

Еске сала кетейік, әр отбасы 20 миллион теңгеге талап арыз берген болатын. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, сот арыз берушілер төлем өндіру туралы талапты "Арқанкергендегі" жаппай кісі өлімі бойынша сотталған шекарашы Владислав Челахқа қоюы керек деп шешті.

Бұл дәйекті ҰҚК Шекаар қызметі мен ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері қолдады. Сот арыз берушілердің "Шекара қызметінің қолбасшылығы салақтық, әрекетсіздік танытып, дер кезінде шара қолданбады" деген дәйектерін негізсіз деп тапты.

"Прокуратура өкілі сотта біздің талап арызымыздың ішінара қанағаттандырылғанын айтты, әрқайсымызға - 500 мың теңгеден. Бірақ сот одан бас тартты. Соттың шешімімен, біз, әрине, келіспейміз және оған Жоғарғы сотқа дейін барып, шағым келтіреміз", - деді "Арқанкергенде" қайтыс болған шекарашылардың бірінің туысы.

Еске сала кетейік, әуеліде талап арыз ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен №2484 әскери бөлімнің үстінен берілген еді.

Алдын ала қаралғаннан кейін арыздар біріктіріліп, жауапкер ретінде Қаржы министрлігі мен Шекара қызметі танылды.

Источник: Tengrinews.kz