Өскемен дүкендерінде эротикалық пішіндегі макарондар сатылуда

Өскеменнің ірі сауда орындарының бірінде эротикалық пішіндегі макарондар пайда болды. Удай бағасына қарамастан, пішіні бөлек ұн өнімін сатып алушылардың қарасы қалың.

Өскемен дүкендерінде эротикалық пішіндегі макарондар сатылуда

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды. Макаронның 250 граммы мың жарым теңгенің шамасында. Тұрғындарды тауардың бағасы емес, оның балаларға арналған азық-түлікті сататын бөлімнің қасында саудаланып жатқаны алаңдатып отыр. "Секс паста" деп айдар тағылған тауар Италияда әзірленген. Өндірушілердің сөзіне сенсек, ол ағзаға пайдалы әрі қарапайым макарон мен кеспеден еш айырмашылығы жоқ. Бірақ өнімнің балалар тағамдары бөлімнің жанында сатылуын дүкен әкімшілігі түсіндіре алмады. Алайда сатып алушылар жуырда ғана сөрелерде пайда болған макарон түріне қатысты ойларын бүгіп қалмады.
Источник: NUR.KZ