Сенат депутаттығына  Маңғыстаудан М.Бортник сайланды

Маңғыстаудан ҚР Парламентінің депутаттығана Михаил Бортник сайланды. Қазанның 1-і күні өткен депуттар сайлауында облыстық мәслихаттың  112  депутатының 80-і М.Бортникке дауыс берген. Сайлау Ш.Есенов атындағы КМИТУ-да өтті. Сайлауға М.Бортникпен бірге Қыдырбек Әбіғалиев, Гулжан Байжаунова және Руслан Бектубаев түскен болатын. Михаил Бортник 1960 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Заңгер мен жылу энергетик инженерінің дипломы бар. Ақтаудағы пластикалық масса зауытында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен. Ол 2008 жылы Парламент сенатына депутат болып сайланған еді.