Балаларды 6 жастан мектепке алу бастамасы дау-дамай туғызды

2019 жылдан бастап, оқушылар бірінші сыныпқа тек алты жастан қабылдануы тиіс деген Білім және ғылым министрінің орынбасарының мәлімдемесі қоғамда біраз дау-дамай туғызды.Вице-министр Тахир Балықбаевтың пікірінше, бірінші сыныпқа алты-жеті жастағы балалардың бірдей қабылдана беруі жасы үлкеннің кішіге әлімжеттік көрсетуіне әлкеп соғады екен.

Бұған дейін жас мөлшеріне емес, қарым-қабілетіне қарай бірінші сыныпқа қабылданып келген бүлдіршіндер 2019 жылдан бастап міндетті түрде алты жасқа толысымен баруы тиіс. Министрлік өкілдері бұл педагогтардың өтінішімен көтеріліп отырған бастама дегенді алға тартуда.

Мұғалімдердің пікірінше, бір сыныпта оқитын әр жастағы балалардың ой өрісі әртүрлі. Сондықтан ортақ тапсырма беру немесе бір тақырыпта ой өрбіту қиынға соғады екен. Алайда бұл пікірмен кейбір ата-аналар келіспей отыр.

"Жеті жастан бару керек. Алты жас әлі кішкентай деп ойлаймын. Содан кейін біз бірінші кластан бастап ағылшын тілін өтіп жатырмыз. Мен ойлаймын ол дұрыс емес. Біраздан кейін айтатын шығар "туғаннан бастап ағылшынды білу керек" деп. Ол дұрыс емес", - дейді ата-ана Майгүл Жанғалиева.

Ал мәжілісмен Алдан Смайыл мұны 12 жылдық білім жүйесінің енгізілуімен байланысты болуы мүмкін деп топшылайды.

Себебі 7 жаста мекепке барған бала 12 сыныпты тәмамдағанда 19-дағы бозбала боп шыға келеді. "Десе де біздің елдегі білім беру жүйесінің жағдайын ескерсек, мұндай қатаң талап қоюдың қажеті шамалы", - дейді халық қалаулысы.

"Мектептер 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге әлі лайықталмаған кезде, оқулықтар жазылып болмаған кезде баланы алты жастан мектепке сүйреудің ешқандай қажеті жоқ", - Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл.

Ал білім беру саласында 40 жыл еңбек еткен зейнеткер ұстаз Бағдагүл Досжанова "білім беру жүйесіндегі мұндай қатаң талаптар балалардың үлгерімін ілгерілете қояры екіталай, ең алдымен олардың қабілетін ескеру керек", - дейді педагог.

Кейбір балалар өте қабілетті болады. Алты жасқа дейін де олар оқу-жазуды үйреніп алады. Сондықтан ол балаларды 7 жасқа дейін ұстап отыру тиімсіз.

"Кейбір балалар өте қабілетті болады. Алты жасқа дейін де олар оқу-жазуды үйреніп алады. Сондықтан ол балаларды 7 жасқа дейін ұстап отыру тиімсіз. Ал енді кейбір балалар денсаулығына байланысты, даму қабілетіне қарай олардың ұғуы өте баяу болады. Сондықтан ол балаларды 7 жастан берген дұрыс. Сондықтар әр баланың қабілетіне қарай 6 жастан да, жеті жастанда бере берсе деген пікірім бар", - дейді зейнеткер ұстаз Бағдагүл Досжанова.

Мәселенің бір қырын психолог мамандар да көрсетіп отыр. Олардың айтуынша, 6 жастан мектептке бару баланың денсаулығына кері әсер етеуі мүмкін екен. Баланың ұйқысы қанбайды, көңіл-үйі болмай тез шаршап қалады және қан құрамындағы гемоглобин мөлшері төмендеп кететін көрінеді.

Десе де, жаңа заң жобасын әлі қос палата депутаттары талқылайтын болады. Сондықтан бұл мәселе әлі ашық күйінде қалуда.

Источник: 7 канал