Балаларды 6 жастан мектепке алу бастамасы дау-дамай туғызды

5204
10
Бөлісу:

2019 жылдан бастап, оқушылар бірінші сыныпқа тек алты жастан қабылдануы тиіс деген Білім және ғылым министрінің орынбасарының мәлімдемесі қоғамда біраз дау-дамай туғызды.Вице-министр Тахир Балықбаевтың пікірінше, бірінші сыныпқа алты-жеті жастағы балалардың бірдей қабылдана беруі жасы үлкеннің кішіге әлімжеттік көрсетуіне әлкеп соғады екен.

Бұған дейін жас мөлшеріне емес, қарым-қабілетіне қарай бірінші сыныпқа қабылданып келген бүлдіршіндер 2019 жылдан бастап міндетті түрде алты жасқа толысымен баруы тиіс. Министрлік өкілдері бұл педагогтардың өтінішімен көтеріліп отырған бастама дегенді алға тартуда.

Мұғалімдердің пікірінше, бір сыныпта оқитын әр жастағы балалардың ой өрісі әртүрлі. Сондықтан ортақ тапсырма беру немесе бір тақырыпта ой өрбіту қиынға соғады екен. Алайда бұл пікірмен кейбір ата-аналар келіспей отыр.

«Жеті жастан бару керек. Алты жас әлі кішкентай деп ойлаймын. Содан кейін біз бірінші кластан бастап ағылшын тілін өтіп жатырмыз. Мен ойлаймын ол дұрыс емес. Біраздан кейін айтатын шығар «туғаннан бастап ағылшынды білу керек» деп. Ол дұрыс емес», – дейді ата-ана Майгүл Жанғалиева.

Ал мәжілісмен Алдан Смайыл мұны 12 жылдық білім жүйесінің енгізілуімен байланысты болуы мүмкін деп топшылайды.

Себебі 7 жаста мекепке барған бала 12 сыныпты тәмамдағанда 19-дағы бозбала боп шыға келеді. «Десе де біздің елдегі білім беру жүйесінің жағдайын ескерсек, мұндай қатаң талап қоюдың қажеті шамалы», – дейді халық қалаулысы.

«Мектептер 12 жылдық оқу жүйесіне көшуге әлі лайықталмаған кезде, оқулықтар жазылып болмаған кезде баланы алты жастан мектепке сүйреудің ешқандай қажеті жоқ», – Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл.

Ал білім беру саласында 40 жыл еңбек еткен зейнеткер ұстаз Бағдагүл Досжанова «білім беру жүйесіндегі мұндай қатаң талаптар балалардың үлгерімін ілгерілете қояры екіталай, ең алдымен олардың қабілетін ескеру керек», – дейді педагог.

Кейбір балалар өте қабілетті болады. Алты жасқа дейін де олар оқу-жазуды үйреніп алады. Сондықтан ол балаларды 7 жасқа дейін ұстап отыру тиімсіз.

«Кейбір балалар өте қабілетті болады. Алты жасқа дейін де олар оқу-жазуды үйреніп алады. Сондықтан ол балаларды 7 жасқа дейін ұстап отыру тиімсіз. Ал енді кейбір балалар денсаулығына байланысты, даму қабілетіне қарай олардың ұғуы өте баяу болады. Сондықтан ол балаларды 7 жастан берген дұрыс. Сондықтар әр баланың қабілетіне қарай 6 жастан да, жеті жастанда бере берсе деген пікірім бар», – дейді зейнеткер ұстаз Бағдагүл Досжанова.

Мәселенің бір қырын психолог мамандар да көрсетіп отыр. Олардың айтуынша, 6 жастан мектептке бару баланың денсаулығына кері әсер етеуі мүмкін екен. Баланың ұйқысы қанбайды, көңіл-үйі болмай тез шаршап қалады және қан құрамындағы гемоглобин мөлшері төмендеп кететін көрінеді.

Десе де, жаңа заң жобасын әлі қос палата депутаттары талқылайтын болады. Сондықтан бұл мәселе әлі ашық күйінде қалуда.

Источник: 7 канал

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Бибка 8 Маусым, 2017 01:33 Жауап

    Менин кызым казир 5те мен кыщымды мектепке даярлык (нулевойга) бергим келип отыр.. бирак катты ойланып отырмын’ кызым кишкентай сиякты ол 6-жасында 1-сыныпка барады киын болмайма деп ойланып отырмын. 6-жастан 1-сыныпка барган дурыспа?

    • Сандугаш 9 Тамыз, 2017 18:20 Жауап

      Мен балам 5ке 24 тамызда толды. енды оны садикке алмаймыз деп отыр. Менын балам алы дурыс сойлей алмайды. ойлау кабылеты да дурыс дамыган жок. 0 барсын дейды. бармаса уйге калтырыныз дейды.мен озым жумыстамын. ал мен жалгыз бассы анамын. баламды калай жалгыз уйге калтырам. бул занды укпадым.

      • Сандугаш 9 Тамыз, 2017 18:22 Жауап

        Мен балам 5ке 24 тамызда толды. енды оны садикке алмаймыз деп отыр. Менын балам алы дурыс сойлей алмайды. ойлау кабылеты да дурыс дамыган жок. 0 барсын дейды. бармаса уйге калтырыныз дейды.мен озым жумыстамын. ал мен жалгыз бассы анамын. баламды калай жалгыз уйге калтырам. бул занды укпадым.

  2. Асем Кенжебайқызы 4 Қыркүйек, 2017 19:10 Жауап

    Менің қызым 1 қыркүйекте 6 жасқа толды бірақ осы оқу жылына 2017-2018 жылғы оқу жылына 1-сыныпқа қабылданбайды деп естідім биыл заң бойынша бала 31 тамызға дейін бала 6 жасқа толу керек дейді.сонда қызым 6 жасқа толып тұрып тағы даярлық тобына барама.?

  3. Самал 9 Сәуір, 2018 12:03 Жауап

    Менин балам карашанын 1 куни 6 жаска толады,казир даярлык сыныбын окып жур,куркуйек айында 6 жаска толмагандыктан,1-ши сыныпка кабылдамайма?

  4. Самал 9 Сәуір, 2018 12:09 Жауап

    1жыл бойы окыганы калай болады,озинин уйренип калган сыныптастарыннан калганын каламаймын,балам казирден енди мектеп формасын киемин,улкен Азамат боламын деп дайындалып жур,енди кайта даярлык сыныбын окитын болса билмеймин

  5. Марал 20 Сәуір, 2018 11:09 Жауап

    Меним балам тамызда 2018 жылдын 5 ке толады балабакша осы занмен коркытады. Меним балам али дурыс сойлмеиди ол калай окиды .Кайын апамнын кызы бар ол кыркуйек айында 6 га толады сонда 2 ки бирге окиды ол калай болады.Онын кызынын акыл санасы толык жетилген ертен куни меним балам нашар окиды оныкы5 ке окиды.Ал мен баламды 5 ке окыткым келеди бизге уакыт керек ол кишкентай сакаулыгы бар билмимим келспимим коп естимин келиспеитин ата аналарды

  6. Қолқоюсыз 20 Сәуір, 2018 11:11 Жауап

    кайынапамнын кызы мен улымнын арасы дал 1 жыл.2012 Ж Кыркуйек айында биздики 2013 тамыз тура 1 жыл бирак 2 еуи бирге оку керек калай неге ?

  7. Гаухар Еркін қызы 16 Маусым, 2019 21:53 Жауап

    Салеметсіздерме? Менің ұлымымда маусымның 19на 5ке толад, білем мектепке бару керек! Брақ менің ұлым осы жылы жаға сойледі, қатарындағы балалар сияқты емес, біз сөйлегеніне қуынып жүрміз. 0ға 6 жастан, ал 1 сыныпқа 7жастан беруге болама? Кімнен сұрауымыз керек?

Пікір немесе жауап жазу

үш × 2 =