ЭКСПО-ға орай қызметкерлердің жалақысы қысқармайтын болды

Бұл мәселе төңірегінде халық, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер сан түрлі алып-қашпа әңгіме таратып жүргені белгілі.

ЭКСПО-ға орай қызметкерлердің жалақысы қысқармайтын болды Бүгін журналистер "Астана ЭКСПО-2017"  акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтен осы мәселенің анық-қанығын сұрап білді.

"ЭКСПО" көрмесі үшін мемлекеттік органдардың қаржысын қысқартады деген әңгіме қисынсыз. ЭКСПО-ға кететін шығын қайтатын ақша. Он жыл болсын, жиырма жыл болсын, тіпті, елу жылдың ішінде мұндай құрылыс салынбайды", - деді Талғат Ермегияев.

Төрағаның айтуынша, көрме Астананың көркі болады. Мұндай технологиялар көрмесі енді қайтып бола ма, болмай ма, ол да да белгісіз.

Ермегияев мұндай жел сөздерді кім шығарып жүргеніне таң қалды. Оның айтуынша,  әр салаға өзіне жеткілікті қаржы бөлініп жатыр.

"ЭКСПО" өткізу үшін бізге осынша қаржыны біреуден алып беріңдер деген жоқпыз. Керісінше, әр сала инвестиция салмақшы", - деді Талғат Ермегияев.