Әрбір бесінші әйел ажырасқаннан кейін тақыр кедей болып қалады

Әрбір бесінші әйел ажырасқаннан кейін кедейліктің зардабын тартады. Ал ата-анасы ажырасқан балалардың 20%-ға жуығы жоқшылық көреді.

Әрбір бесінші әйел ажырасқаннан кейін тақыр кедей болып қалады Мұндай қорытындыны 17 жыл зерттеу жүргізген Эссекс университетінің ғалымдары жасап отыр. Әйелдер күйеуімен ажырасқанға дейінгі материалдық деңгейге жету үшін орташа алғанда 2-3 жыл уақытын сарп ететіні анықталды. Сонымен қатар жоғары жалақы алатын асыраушысынан айырылған олар, не алимент, не балаларына жәрдемақы ала алмай сандалады екен, деп жазады utro.ru. Зерттеу авторлары ажырасқан ер адамдардың әл-ауқаты керісінше арта түсетінін дәлелдеп шықты.