Қарағанды облысында балалар мінген автобусқа шабуыл жасалды

Қарағанды облысында бір топ ер адам Балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің (БЖОРМ) үш жаттықтырушысын оқушылардың көзінше ұрып-соғып, пистолетпен қорқытып кетті.

naruchn_2210 Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
26 қыркүйек күні таңертең Қарағанды-Саран тас жолында 25-30 жас аралығындағы бес ер адам Mercedes Benz автокөлігімен аталмыш мектептің жүргізушісі басқарып келе жатқан ТАРЗ автобусын және 25 жастағы жаттықтырушы жүргізіп келе жатқан  ВАЗ-21043 автокөлігін мәжбүрлі түрде тоқтатқан. "Олар ВАЗ-дың ішінде отырған үш жаттықтырушыны көліктен шығарып алып, сабап, жарақаттағыш пистолетпен қорқытқан. Содан кейін олар бой тасалап қашып кеткен. Автобуста отырған 10 мен 17 жас аралығындағы 15 бала осы шабуылдың куәгері болды", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Жәбірленген жаттықтырушылар тап сол жерде шабуыл жасалғаны туралы облыстық ІІД Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне хабарласқан. Бес адам да қолға түсіп, жарақаттағыш пистолет тәркіленді.
Источник: Tengrinews.kz