Қаруына ие бола алмаған полицей

Шымкентте полиция қызметкері қаруын жоғалтып алды. Жол-патрульдік полицейі айдың күннің аманында табельдік қаруынан айырылып қалған. Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді, деп хабарлайды Otyrar.KZ. Келеңсіз оқиға күндізгі сағат 15:30-да орын алған. 26 жастағы полиция сержанты 30 оғы бар Калашников автоматын сырттағы көлікке қалдырып, өзі тамақтанған. Қайтып шықса, қаруды ұрлап кетіпті. Қазіргі таңда полиция қатарында 2 жыл қызмет жасаған сержант жұмысынан шеттетілген. Оған қатысты қамауға алу шарасы қолға алынбаған. Оның үстінен қозғалған салақтыққа байланысты іске қоса, атыс қаруын ұрлау фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда. ҚазАқпарат