Франция әскері "Ислам мемлекеті" жасақтарының 4 қоймасын талқандады

Франция әскері "Ислам мемлекеті" жасақтарының 4 қоймасын талқандады

Сурет 24.kz сайтынан алынды.
Францияның екі әскери ұшағы Ирактың Фаллуджа қаласының маңында "Ислам мемлекеті" жасақтарының 4 қоймасын талқандады, - деп хабарлайдыТengrinews.kz/ 24.kz арнасына сілтеме жасап. Әскерилердің айтуынша, "Ислам мемлекеті" жасақтарының талқандалған қоймаларында лаңкестердің қару-жарақтары сақталған. Қазірше әуе соққысынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Айта кетейік, бұл – Франция әуе күштерінің Ирактағы содырлар нысандарына жасаған екінші шабуылы. Алғаш рет әскерилер өткен аптада АҚШ-пен бірлесіп соққы жасаған болатын. tengrinews.kz