Қызылорда облысының шенділері тұрғындармен төбелесті

Үлкен жолдың бойында кіші кедергі. Қызылорда облысының бір топ шенділері Батыс Еуропа - Батыс Қытай тас жолының бойындағы жалғыз қалған үй иелірімен тобелесуге дейін барған.

Үй қожайындарына сот шешімі ұнамаса, заң өкілдері оны сүріп тастаудың әрекетін жасамақ болған. kyzylordinskaya_oblast_snos Жол бойында салынып жатқан үй иелері түгел кетіп осы отбасы ғана қалған. Өйткені Алмағанбетовтер тәуелсіз сараптамаға жүгініп құжат бойынша өз баспанасын 10 млн теңгеге бағалаған. Басында сот олардың өтінішін қанағаттандырған. Ал кейін жер телімін беруді дұыс санаған. Бірақ жергілікті шенділер арадағы уақытта өз ұсыныстарын жасамаған екен. Сот орындаушыларының үйді сүріп тастауына үй иелері жол бермей, ауыр техниканың астына қарай жүгіріп, баспанасын сақтап қалған. Бірақ сот өкілдері қандай жағдайда да үйдің сүрілетінін айтуда. Өйткені жол құрылысы осы нысанның кесірінен тоқтап қалған. "Мәжбүрлеп бұзамыз. Ол үйдің ішінде адамдар бар кезде бұзбаймыз, әрине. Бірақ үйден балаларды шығарып,  орындаймыз. Ол үйдегі адамдар егер кедергісін тигізіп жатса, әкімшілік құқық бұзушылық кодекс бойынша жауапқа тартылатыны ескертіледі", - деді Қызылорда облыстық сот актілерін орындау департаменті басшысының міндетін атқарушы Шәкизат Ақәділов. Источник: nur.kz