Маңғыстаулық күйші Сержан Шәкірат 75 жаста

2058
1
Бөлісу:

Маңғыстаудың атын күмбір күйлерімен шығарып, өнерге еңбек етіп жүрген күйші Сержан Шәкірат 75 жасқа толды. Осыған орай қыркүйектің 26-сы күні Н.Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында күйшінің кеші өтті.

Жергілікті жұртшылық пен Алматы, Астана сынды қалалардан көрермен жиған бұл кешке Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршин да қатысып, дәулескер күйшіні 75-жасымен құттықтады.

Концерт барысында күй саласына еңбегі сіңген домбырашының күйлері тартылып, жиналғандарды әдемі әсерге бөледі.  Кеш иесінің сықақтығы да айтылып «Екі дос» шығармасы театр әртістерімен сахналанды. Сондай-ақ кеш соңында күйшінің құрметіне дастархан жайылды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

20 + 11 =