Асқар Шоханов пауерлифтингтен күміс алды

1411650043_img_8455 Ақтаулық ауыр атлет Асқар Шоханов пауэрлифтингтен Азия чемпионатына қатысты. Ол 83 кг катешориясында бақ сынап, күміске ие болды. Жарыс Қырғызстанның Бішкек қаласында 13-16 қыркүйек аралығында өтті. Байқауға Иран, Қытай, Тайвань, Жапония және тағы сегіз елден 200-ге жуық ауыр атлет қатысты. Асқар Шоханов 83 кг салмақ дәрежесінде 260 кг көтерді. Абсолютті есепте ол күміс медалға ие болды. Асқар Шоханов 2015 жылы өтетін Әлем  чемпионатында алтын алатынына сенімді. Естеріңізге салсақ,  пауэрлифтингтен  Әлем чемпионаты Швецияда өтпек.