Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік енді кәсіпкерлерді қудаламайды

Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік енді кәсіпкерлерді қудаламайтын болады, бұдан алдын қаржы полициясы тарапынан кәсіпкерлерге қарсы қозғалған қылмыстық істер Қаржы министрлігіне берілетін болады    

 Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік енді кәсіпкерлерді қудаламайтын болады, бұдан алдын қаржы полициясы тарапынан кәсіпкерлерге қарсы қозғалған қылмыстық істер Қаржы министрлігіне берілетін болады – бұл туралы Мәжілістің кешегі пленарлық жиналысында Агенттіктің басшысы Қайрат Қожамжаров «Ақ жол» фракциясының басшысы Азат Перуашевтің қойған сұрағына жауап бере отырып хабарлады.

peruai1Бұл хабарландыру мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру мен қайта құрылған мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттік пен Қаржы министрлігі арасындағы құзіреттіліктерді шектеу сұрақтары бойынша заң жобасын бірінші рет оқуды талқылау кезінде жасалған болатын.

Көрсетілген заң жобасын ұсына отырып, Қайрат Қожамжаров, сонымен қатар «жемқорлықтың айқын анықтамасы – баю мақсатында қызметтік жағдайды пайдалану», ал «жемқорлық субъектілері әрқашан мемлекеттік қызметкерлер болып табылады» деп айтып өтті. Сол үшін жемқорлықта азаматтардың басқа санаттары, ең алдымен кәсіпкерлер айыпталатын тәжірибе, бұл – «жемқорлықты кеңейтілген түсіну», оны «тоқтату керек», және осы сұрақпен «біз нүкте қоюымыз керек».

Агенттік мемлекеттік қызметті жетілдірумен және тікелей мемлекеттік органдарда жемқорлықтың алдын алуымен айналысатын болады. Кәсіпкерліктің қаржылық бұзылуына байланысты сұрақтар енді аталған мемлекеттік органның құзіретіне кірмейді, оларды Қаржы министрлігінің тиісті қызметі қарастыратын болады.

Осыған байланысты Парламеттегі демократиялық фракцияның көшбасшысы Азат Перуашев баяндамашыға бірқатар сұрақтар қойды.

«Өзіңіздің баяндамаңыз арқылы жаңа Агенттіктің құзіреттілігі қаржы полицясының репрессиялық тәжірибесін қайта қалпына келтірмейтіндіге қатысты бизнес қоғамда орын алған шиеленісті босқа шығарды. «Ақ жол» партиясы жемқорлыққа айыптай отырып кәсіпкерлердің ұзақ уақытқа қамауға алынуының, олардың меншіктерінің тәркіленуінің, кәсіпорындардың банкротқа ұшырауының, ал жұмысшылардың жұмыссыз қалуының көптеген мысалдарын айтып бере алады. Сайып келгенде барлығы – бизнес те, мемлекет те, экономика да, адамдар да зиян көреді».

А. Перуашевтің ойынша бизнестің өзінің табиғаты – табыс табу, ол үшін оны айыптауға болмайды. Адамды жай табыс тауып жатқандығы үшін айыптауға болмайды. «Кәсіпкер болу – қылмыс емес, ал бізде әр түрлі кезеңдерде кәсіпкерлікпен айналысу бостандық үшін де жеке меншік үшін де қауіпті болған кездер болды. Айтып өтетін жайт, жемқорлық – сіз бүгін айтқандай кәсіпкерлер тарапынан емес, тіклей шенеуніктер тарапынан жасалған заң бұзушылық» - деп қосты депутат.

Ол сонымен қатар өткен жылы салық кодексін талқылау кезінде «Ақ жол» партиясы қаржыполициясы мен салық комитетін жоюды ұсынғанын еске салып өтті, себебі ол екі орган да әлеуетті органдарының қызметтеріне ие бола отырып, кәсіпкерлерге күш түсіріп, бірін-бірі жай қайталап отырды. Фракция депутаттары сол кезде шенеуніктер жемқорлығы мен бизнестегі бұзушылықтарды бөліді ұсынған болатын, бұл қазір орын алып отыр.

«Бірақ, осыған байланысты кем дегенде екі сұрақ туындайды, бірінші: Сіздің Агенттікке қысқартылған Қаржы полициясы құрылымы мен штаты берілген, тиісінше қозғалған істер де берілді, ондағы фигуранттар кәсіпкерлер. Бұл істердің тағдыры не болмақ, олар Сізде қала ма немесе Қаржы министрілігінің мемлекеттік кірістер комитетіне беріле ме?

Одан басқа, ұлттық компаниялар мен квази-мемлекеттік сектор кәсіпорындарында ұжымдық жемқорлық жүйесі орнағанын мойындау қажет: қазіргі кезде кез келген мемлекеттік органда сатып алулармен айналысатын «қыздар» мен «немерелер» бар. Және олардың аталған сатып алуларды қалай жүргізетіні туралы бизнес жеткілікті жазғырулар айтып жатады, бұл ретте квази мемлекеттік сектордағы сатып алулардың көлемі мемлекеттік сатып алулар көлемінен 6 есе көп. Сіздің агенттік квази-мемлекеттік сектор құрылымдарындағы жемқорлықпен айналысатын бола ма?» - деп сұрады «Ақ жол» басшысы.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Қ. Қожамжаров алдын қозғалған барлық қылмыстық істер нақты тізбекке сәйкес қарастырылуы керек деп айтып өтті. «Тиісті құзіреттіліктерімізді алған бойда, біз кәсіпкерлер мен бизнеске қатысты барлық қылмыстық істер Қаржы министрілігінің экономикалық тексерулер қызметіне берілетін болады» -деп хабарлады.

imagesОдан басқа, Агеттіктің басшысы аталған сұраққа қатысты мазасыздықты түсінетіндігін айтты, себебі мұнда адамдар тағдыры, атап айтқанда осындай айыптаулармен ұсталған адамдар тағдыры туралы айтылып жатыр: «Біздің өндірісімізде қылмыстық істер де, күзет асындағы адамдар да бар. Қайта ұйымдастыру орын алған жағдайда да біз қамау мерзімі бойынша олардың конституциялық құқықтарының бір күнге де бұзылмауына жол бермеуіміз керек», - дейді Қ.Қожамжаров.

Квази-мемлекеттік сектордағы ұжымдық жемқорлыққа қатысты Агеттіктің басшысы «2015 жемқорлыққа қарсы стратегиясында квази-мемлекеттік сектордағы жемқорлық туралы толық бір бөлім бар, болашақ заңдар да сонда айтылады. Сол үшін аталған сектордағы бұзушылықтар жемқорлық әрекеттерінің субъектілері болады» деп түсіндірді.

«Мен бүгінгі баяндама біздің сұрақтарымыздың жауабы позитивке бағыттайды – деп Азат Перуашев дауыс беруге дейін айтып өтті, – осындай тәсіл кезінде кәсіпкерлерді әділетсіз қудалау мысалдары артта қалады деген сенімдеміз. Бүгін орын алып отырған бизнестің экономикалық бұзылуы мен шенеуніктердің жемқорлығы арасындағы айыру оң орын алу керек».

«Бірақ аталған заң қабылданған соң басқа да заңдар мен заңнамалық актілерге тиісті анықтамалар енгізілуі керек екендігін түсіну керек. Ал жасалынуы тиіс негізгі жұмыс – айтылған тәсілдерді тәжірибеде жүзеге асыру қажет. Егер ол бүгінгі айтылғанға сәйкес келетін болса, онда экономикаға күмәнсіз күшті және оң әсер етеді. Сонда көптеген кәсіпкерлер өздерін жеңіл сезінеді деген үміттемін».

«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі