23 тонна дизель отынын ұрлаған азамат ұсталды

Көлік полицейлері 23 тонна дизель отынын ұрлаған Ақтөбе тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BNews.kz.

images«23 қыркүйекте сағат 04.50-де желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Никельтау стансасында тіркемесі бар «КамАЗ» автокөлігін басқарған 47 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Автокөлікті тексеру кезінде цистернадан сәйкес құжаттары жоқ 23 тонна дизель отыны табылды», - делінген ақпаратта.

Күдіктің аталмыш дизель отынын Никельтау стансасының тұрғынынан сатып алғаны анықталды.

Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 183-1б.1.б. бойынша қылмыстық іс қозғалды.

BNews.kz