Надаль Елбасымен теннис ойнауға дайын

Әлемдік классификацияда үшінші орынды иеленетін Испандық теннисші Рафаэль Надаль 24 қыркүйек күні Астанаға келді. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлайды.

1390583017_nadalБүгін, 25 қыркүйек күні Надаль француздық Жо-Вильфрид Тсонгамен матч өткізеді. Бұл спортшының Қазақстанға бірінші сапары. Ол өзінің сапарын Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шықыртуымен байланыстырады. Теннисті жақсы көретін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен ракетка теңестіруге дайынсыз ба? – деген сұраққа: «Әрине, өте тамаша болар еді. Менің Елбасымен кездесуім бар, ол үшін өте қуаныштымын. Мен үшін үлкен құрмет болады» - деді ол. Vesti.kz.