Надаль Елбасымен теннис ойнауға дайын

1005
3
Бөлісу:

Әлемдік классификацияда үшінші орынды иеленетін Испандық теннисші Рафаэль Надаль 24 қыркүйек күні Астанаға келді. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлайды.

1390583017_nadalБүгін, 25 қыркүйек күні Надаль француздық Жо-Вильфрид Тсонгамен матч өткізеді.

Бұл спортшының Қазақстанға бірінші сапары. Ол өзінің сапарын Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың шықыртуымен байланыстырады.

Теннисті жақсы көретін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен ракетка теңестіруге дайынсыз ба? – деген сұраққа: «Әрине, өте тамаша болар еді. Менің Елбасымен кездесуім бар, ол үшін өте қуаныштымын. Мен үшін үлкен құрмет болады» – деді ол.

Vesti.kz.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Ұраным-Алаш! 25 Қыркүйек, 2014 14:27 Жауап

    Бізде осы бір жаман үрдіс етек алып барады. Өзімізді-өзіміз қор тұтып, өзгені зор санайтын жалпақшешейлік пен басқа да болса да қазақта болмасын деген іштарлықтан, қала берді құлдық санадан 23 жыл бойына арыла алмай-ақ қойдық-ау,осы! Қазақтың қал-жайын жақсартуды қолына алып жүрген атпал азаматтарымызды насихаттайтын,төбемізге көтеріп дәріптейтін, еңбегін бағалайтын сәтке жетемізбе, жоқпа? Қайдағы бір теннисші деп, т.б. деп шабылғанды қашан қояды екенбіз….

  2. Жандос 26 Қыркүйек, 2014 14:26 Жауап

    неге олай екеніне өз пікірімді білдірсем, Ұраным-Алаш. әлі де болсын билікте кеңестік тәрьиеде, идеологияда тәрбиеленіп, білім алған азаматтарымыз жетерлік,соның арқасында қоғам қазір екі жүзді. нағыз тәуелсіздікте тәрбиеленген патриот ұрпақ оскенше Қазқстанда әрқашан осылай бола бермек!!!!!

Пікір немесе жауап жазу