Пәтерлерін жезөкшелікпен айналысуға тапсырғандар сотқа тартылды.

Астанада пәтерлерін жезөкшелерге жалға бергендерге ірі көлемде айыппұл салынды

Астанада пәтерлерін жезөкшелікпен айналысуға тапсырған пәтер иелері сот алдында жауапқа тартылды. Бұл туралы Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада пәтерлерін жезөкшелерге жалға бергендерге ірі көлемде айыппұл салынды

Бүгін, 23 қыркүйекте Астана қаласы мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотында аталмыш азаматтар елордалық Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері өткізіп жатқан "Учаске" жедел алдын-алу шарасы кезінде анықталды. Пәтерлерін жалға берушінің екеуі де өз пәтерлерінің ақылы жыныстық қызмет көрсетуге пайдаланылатындығы жөнінде хабардар болған. Сонымен қатар, олар пәтер ғимаратын ұзақ мерзімге жалға берген. Аталмыш факт бойынша пәтер қожайындарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сот алдында жауапкершілікке тартылған 2 азаматқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 341 бабы 1 бөліміне сәйкес, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, пәтер ғимаратын 6 ай көлемінде жалға беру құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Источник: ИА "Казинформ"