Астана 2016 жылы "ақылды бағдаршамдармен" толық қамтылады.

Елорда 2016 жылы Бұл туралы бүгін Рига қаласының мэрі Нил Ушаковпен кездесуі барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті. "Біз "ақылды көше қиылыстары" жобасын жүзеге асырудамыз. Яғни, көшелер арнайы датчиктермен, бейнекамераларымен жабдықталады. Ол көше жүктемесінің артуына байланысты бағдаршамның өткізу уақытын өзгертіп отырады. Мәселен, бізде көшеде көлік болса да, болмаса да бағдаршам 25-50 секунд жанып тұратын. Ал жаңа жоба көше қиылысындағы жағдайға жедел үн қатуға мүмкіндік береді", - деді елорда әкімі. Иманғали Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, мұндай "ақылды бағдаршамдар" басқа көшелердегі кептелістерге дер уақытында назар аударып отыруға мүмкіндік береді. Жүйе қазіргі уақытта қолға алынып, өз тиімділігін көрсетіп отыр. "2016 жылы біз оны толығымен аяқтайтын боламыз. Бұл қала жолдарындағы көлік жүктемелерін, кептеліс проблемасын толығымен шешуге мүмкіндік беретін болады", - деді қала басшысы.
Источник: ИА "Казинформ"