Қазақ әншілерінің ішінде ең көп табыс табатын Қайрат Нұртас

Қазақ эстрадасындағы ең табысты әншілердің жаңа рейтингі жасалды

Қазақ әншілерінің ішінде ең көп табыс табатын Қайрат Нұртас. Бұл туралы ztb.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZхабарлайды.

Қазақ эстрадасындағы ең табысты әншілердің жаңа рейтингі жасалды Табысы мол әншілер көшінде Қайрат Нұртастың көші ілгері. 25 жасында ол 9 альбом шығарып үлгерген. Одан бөлек, "Өкініш" биографиялық фильмі мен өзінің киім жүйесін де ретке қойды. 2013 жыл Қайрат үшін өте сәтті өтті деуге болады. Forbes мәліметі бойынша ол $2,04 млн табыс тауыпты. Қайраттың бір тойға шығуы $7000 тұрады. Енді ол өзінің брендтік әуе жүйесін іске қосуды қолға алуды жоспарлап жүрген көрінеді. Бір қызығы, Қайраттың қазақ эстрадасына келгеніне небәрі алты-ақ жыл толды. Екінші орында елдің сүйікті тобы – "Музарт" тобы. Қазақ эстрадасында жүргеніне 13 жыл болған топтың тойдағы гонорары - $6000-ды құрайды. Бүгінде "Музарттың" ән жазатын студиясы бар. Жақында ғана Алматыда дүркітеріп концерт берген Қыдырәлі мен Қарақат табысты әншілер тізімінде үшінші орында тұр. Төрт ұлды тәрбиелеп отырған ата-ана әннен бөлек ойыншықтарды шығаруды да жолға қойған. Сонымен қатар, Қыдырәлі Болманов "Ұлытау" тобына да продюсерлік етеді. Жұлдызды жұптың тойдағы гонорары – $6000-ға тең. Мәдина Сәдуақасова табысы жөніне төртінші орында. Ол тойда ән шырқағаны үшін $5000 cұрайды. Бесінші орында Ділназ Ахмадиева, алтыншы сатыда Лидо орналасты. Табысты әншілер арасында "Ринго" тобы жетінші сатыға табан тіреген. Топтың жылдық кірісі $576 мыңға тең. Қазақ эстрадасындағы ең табысты әншілердің жаңа рейтингі жасалды "Кешью" тобы сегізінші, "Жігіттер" квартеті тоғызыншы орында. Қыздар мен ерлерден құралған бұл екі топтың тойда өнер көрсетуі $5000-ға бағаланады. Ал табысы мол әншілердің үздік ондығын Әли Оқапов түйіндеп тұр. Әли тойда қонақтардың көңілін көтеріп, өнер көрсетуі үшін 4000 АҚШ долларын сұрайды.
Источник: NUR.KZ