Қазақстандық пианист ауада роялда ойнады

Олег Переверзев телешоудың арқасында танымал болды images Қазақстандық пианист Chick Flick тобының қатысушысы Олег Переверзев Римский-Корсаковтың танымал «Полет шмеля» шығармасын ауада роялда ойнады деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Әрине, қорқынышты болды, каскадерлер болды. Бірақ мен өзім көтеріліп, өзім барлық тапсырмаларды орындадым. Дайындық бір күн бұрын болды. Қанша биіктікте болғанымды білмеймін. Төменге қараған жоқпын, бірақ кей бір ғимараттардан және жанымыздағы саябақтың ағаштарынан жоғары болдым» - деді музыкант. Айта кетерлігі, оның бірінші бейне жазбасында ол бір уақытта екі музыкалық аспапта ойнап, классикалық әуендерді орындаған. Бірінші бейне жазбадан кейін талантты пианисті ресейлік «Минута славы» шоуының ұйымдастырушылары байқап, оны жобаға қатысуға шақырған. Бірнеше ай өтпей жатып музыкантты америкалық Саймон Ковеллдің «America's Got Talent» жобасына ұқсас «Україна має талант» шоуына қатысуға шақырады. Олег Переверзев украиналық көрермендерді таң қалдырып, финалға дейін жетті. Оған көрермендер орындарынан тұрып қошемет көрсетті. Tengrinews.kz.