Құралай Нұрқәділова: Мақпалға отбасымның шырқын бұзба дегенмін

 nurkadilova-kuralay

Өткен демалыста Құралай Заманбекқызы өзінің мерейтойына орай жергілікті арналардың біріндегі ток-шоуда қонақ болды.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. Әрине бұл отбасы жайлы айтылған кезде әнші Мақпал Жүнісованың есімі қатар жүретіні анық. Журналистің Мақпал Жүнісова жайлы  қойған сауалына Құралай: "Болған жағдайды айтайын. Әрине, әкемді әлдеқашан кешіріп қойғанмын. Анам өте сұлу әйел. Әлі күнге дейін әкемнің әруағын құрметтеп, басына орамалын тағып, дұғасын жасап үйде отырады. Әкем Мақпалмен ресми түрде үйленбей тұрған сәтте онымен бірнеше рет кездесіп, отбасымыздың шырқын бұзбауын сұрағанмын. Иә, оған бәрі айтып жүрген суретшінің қалам ұштайтын пышағын кезенген кезім де болды", - деп жауап берді. Құралай Нұрқәділова: Мақпалға отбасымның шырқын бұзба дегенмін Танымал дизайнер бүгінде сіңлісі Мерей Заманбекқызымен жақын араласқысы келетінін де айтты. "Баланың кінәсі жоқ. Оны сіңлім деп білемін", -деді Нұрқаділова. Осы теле бағдарлама эфирге шыққаннан кейін әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасына болған жайт жайлы өз ойын жазды. nur.kz Коммент Мақпал