Мүгедекті жекпе-жекке шақырған Бердоңғаров енді олардың құқығын қорғамақ

Мүгедек жігітті жекпе-жекке шақырған мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаров кеше керісінше, кембағал жандардың мүддесін қорғап көзге түсті.

Мүгедекті жекпе-жекке шақырған Бердоңғаров енді олардың құқығын қорғамақ
Тәңірберген Бердоңғаров. Фото: megapolis.kz
Депутат мүгедек жандардың әлеуметтік ахуалы сын көтермейтіндігін айтып Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Кембағал жанды жекпе-жекке шақырған депутат Тәңірберген Бердіоңғаров өзге қырынан танылды. Бұған дейін Алмаз Ержан деген мүгедек жігіттің әлеуметтік желідегі депутаттарды түйреп өткен жазбасын қатаң сынап, артынша жекпе-жекке шақырған халық қалаулысы енді сол жандардың мүддесін қорғауға кіріскен секілді. "Біздің елімізде 628 мың мүгедек бар. Олардың 401 мыңы қазір жұмыс істеп отыр. Алайда оларға төленетін әлеуметтік көмек 10 мың мен 23 мың теңгенің арасында ғана. Ол өте аз. Сондай-ақ, көптеген мекемелерде оларға пандустар қарастырылмаған. Бұған кім кінәлі?", - деді мәжілісмен Тәңірберген Бердоңғаров.

Источник: 7 арна