Forbes әдебиеттен ақша тапқан жазушылар тізімін жариялады

Forbes журналы әлемдегі табысы ең көп жазушылардың тізімін жариялады, деп жазады Росбалт.

Forbes әдебиеттен ақша тапқан жазушылар тізімін жариялады
Фото: peoples.ru
Рейтингте бірінші орында детектив жанрындағы романдар авторы америкалық Джеймс Паттерсон, ол соңғы 12 айдың ішінде 90 млн доллар табыс тапқан. Екінші орында, америкалық - Дэн Браун. Ол өткен жылы 28 млн доллар тапқан. Оның соңғы "Инферно" атты кітабы АҚШ-та 1,4 млн тиражбен тарады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, осы роман желісінде кино түсіріледі. Үшінші орында да америкалық жазушы Нора Робертс. Ол көбіне лирикалық, детектив жанрында жазады. Оның кірісі 23 млн доллар. Төртінші орында да махаббат тақырыбында жазатын Даниэлла Стилл, оның табысы 22 млн доллар болса, үздік бестікке америка жазушысы Джанет Иванович кірген, оның табысы 20 млн долларға бағаланған.

Источник: ИА "Казинформ"