Қазақстанда жаңа музыкалық арна ашылды

1170
0
Бөлісу:

Елімізде жаңа музыкалық арна көрерменге жол тартты.

Қазақстанда жаңа музыкалық арна ашылды

Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлайды.

Арнаның бас продюсері Тимур Балымбетов телеарнаның форматы туралы айтып берді. Оның айтуынша, хабар екі тілде – орыс тілінде және басым бөлігі қазақ тілінде таратылатын болады.

«Бұл тек қазақстандық өнімді ұсынатын Қазақстан тарихындағы тұңғыш телеарна. Оның эфиріне отандық эстраданың бұрынғы өкілдері мен қазіргі заман өкілдерінің үздік жұмыстары шығарылатын болады. Телеарнаның басты мақсаты – қазақ көрерменінің мәдени деңгейін көтеру. Gakku TV қазірдің өзінде Қазақстанның кабельдік желілері арқылы және «Отау ТВ» спутниктік желісі арқылы таратылуда. Телеарнаның жоспарында музыка индустриясының түрлі салалары туралы баяндайтын бағдарламалар топтамасын іске қосу да бар», – деді Тимур Балымбетов

«Gаkku Media» басшысы Мұстафин Санжардың айтуынша, медиа ресурс Қазақстан эстрадасының шетелге танылуына үлкен септігін тигізбек.

Источник: NUR.KZ

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

4 × 3 =