Ақтау портында ИТК кешені жұмыс жасайды

Ақтау халықаралық теңіз портындағы «Теңіз порты» кедендік бекетінде кедендік ресімдеу үрдісін жеделдету және тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін Батыс Қазақстанда бірден-бір ұтқыр инспекциялық-тексеру кешенін енгізді. «Ұтқыр ИТК автомобильдің шассиіне монтаждалған, ол оны кедендік бақылау мақсатына жылдам ден қоюға мүмкіндік береді. Жүйенің әзірлік уақыты кемінде 15 минут, тас жол бойынша қозғалыс жылдамдығы сағатына 85 шақырым. Сағатына кешен 25 көлікті тексереді. ИТК іші мен айналасы радиологиялық қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған», - деді «Теңіз порты» кедендік бекетінің бастығы Бақытжан Бердібеков. Оның жұмысының қағидаты қарапайым: ұтқыр ИТК тексерілетін нысанда рентгендік сканерлеуді жүзеге асырады - дисплейде жүктің, шассидің, кабинаның радиоскопиялық бейнесі шығады, ол жасырын жүкті (есірткі, контрабандалық тауар, қару, жарылғыш зат) қарауға мүмкіндік береді. «Жүйеде жылдам қозғалатын нысандардан белгі жинау, өңдеудің арнайы ерекше көлемді жүйесі бар. Жүкпен алғашқы жұмыс тәжірибесін талдаудан өткізіп, құрылыс материалдары, автомобильдің қосалқы бөлшектері, жиһаздарды кедендік ресімдеу ерекше бақылауға алынды», - деп сөзін түйіндеді «Теңіз порты» басшысы.  Дереккөз: Қазақпарат.