Үш тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында үш тонна бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Енді теңіз қарақшыларының заңсыз әрекеті мен қатаң жазасы туралы халыққа кеңінен түсінік беру үшін әр елдімекенде арнайы жұмыс тобы құрылады, деп хабарлады «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы.
Құқық қорғау органдары қоғамдық кеңес өткізіп, осы мәселеге ден қойып отыр. Жалпы биылдың өзінде 17 адам табиғатқа залал келтіріп, қомақты айыппұл төлеген. Оның алтауы сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатыр.