Ақтауда І-ші «Каспий аймағында туризмнің дамуы» халықаралық форумы өтіп жатыр

Каспий аймағы туризмінің дамуы халықаралық форумы Ақтау қаласында қыркүйектің 5-і күні «Каспий аймағында туризмнің дамуы» деп аталатын алғашқы халықаралық форум өтіп жатыр. Форумға Дағыстан, Түркия, Ресей және т.б елдерден спикерлер келіп өз еліндегі туризмнің хал ахуалімен бөлісу үстінде. Алғашқы пленарлы отырыста жаһандану заманында туризм қайта бара жатыр, оның болашағы қандай деген секілді сұрақтарға жауап іздеу көзделген. Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл форум Қазақстанды шетьелдіктерге басқа қырынан көрсетіп, туристерді тартуға жаңа идеялар беруі мүмкін. Форум барысында сырт елген келген қонақтар Маңғыстау облысының  ескерткіштері мен мұражайларын тамашалады. Форум аясында маңызды меморандумдарға қол қойылып, жаңа инвестициялық жобалардың тұсаукесері болады деп жоспараланып отыр. Форум аясында «Параллелы странствий» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Ақтау, Алматы қалаларынан келген қолөнершілер өз бұйымдарын форумға қатысушыларға көрсетілімге қойды.