Әлихан Бәйменов жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.«Бұл тағайындау ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы Келісімге сәйкес келеді және БҰҰ-ның Қазақстандағы Үйлестіруші-Резидентімен келісілген», делінген хабарламада.