Назарбаев Украинадағы жағдайдың экономикамызға тигізетін зардабын айтты

nazarbaev

Халықтың әл-ауқаты мен Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін сын-қатерлерді ескертуде барлық жұмыстарды атқару маңызды. Бұл туралы бүгін 5-ші шақырылған Парламенттің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Парламенттің жаңа сессиясы күрделі жағдайда басталып отыр. Әлемдік экономикадағы болжамсыздық сақталуда, геосаяси, оның ішінде Украинадағы оқиғаларға орай халықаралық қарым-қатынастар әлсіреуімен байланысты тәуекелдер тереңдеп келеді. Әлемдік ЖІӨ-нің жалпы 60 пайызын құрайтын мемлекеттер бір-біріне санкциялар қолдануда", - деді Елбасы. Мемлекет басшысының атап өтуінше, мұның барлығы да орын алып отырған экономикалық қарым-қатынастар мен әлемдік тәртіпке айтарлықтай түзетулер енгізуге түрткі болады. Сонымен қатар ол Қазақстанның және оның серіктестерінің экономикалық өсімінің төмендеуіне әкеледі. "Сондықтан да экономика, халықтың әл-ауқаты, Қазақстанның қауіпсіздігі үшін орын алуы мүмкін теріс сын-қатерлердің алдын алуда барлық жұмыстарды атқару маңызды. Мұнымен менің тапсырмам бойынша Үкімет айналысып жатыр. Бүгінгі таңда қолдағы бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін Үкімет пен Парламенттің бірлескен жұмысы қажет", - деді Назарбаев.

Источник: ИА "Казинформ"