Ақтаудағы «Ақнұр» газ бекетінде өрт болды

Ақтау қаласындағы 28 «А» шағынауданда орналасқан «Ақнұр» газ құю бекеті 1 қыркүйек күні, сағат 15:50 шамасында өртке оранды. Бұл туралы Ақтау қалалық өрт сөндіру қызметі хабарлайды. Өрт сөндірушілердің айтуынша,   өрт бекетте орналасқан бір колонкада ғана болған. Өрт болған кезде оқиға орнында болған Жасұлан Жаймұханов  есімді куәгердің ойынша, өрт газ құйған адамдар шлангты орнына қоюды ұмытып кетуінің  салдарынан туындауы мүмкін.  Ал өрт сөндіру қызметкерлері өрт себебін полиция қызметкерлері анықтайтынын айтады. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер келем дегенше, бекеттегілер газ беруді тоқтатып үлгерген. Өрт сөндірушілер өртті 1 минут ішінде сөндірді.