Бүгін Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтуде

Бүгін Қазақстан Халқы Ата Заңымыз - Конституция күнін атап өтуде. Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз - Конституцияның енгеніне 19 жыл толып отыр.

Бүгін Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтуде

Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алдыңғы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады. Атап айтқанда, 30-31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күндері болмақ.

Источник: ИА "Казинформ"