Елімізде жүрек ақауымен туған балалардың әрбір бесіншісіне ғана дер кезінде ота жасалады

Қазақстанда жүрек ақауымен туған балаларға ота жасауға қажеттілік 20%-ға ғана қанағаттандырылады. Бұл туралы III Қазақстанның ұлттық кардиохирургтар конгресі барысында Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Дмитрий Горбунов мәлімдеді , деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«1000 баланың 7-уі жүрек ақауымен туады. Жыл сайын 2500-2700 ота жасау қажет. Қазіргі таңда біздің орталықта жоспарлы операцияға кезек 1 айға жуық уақытты құрайды. Ал егер балаға шұғыл ота жасау керек болса, барлық өңірлерден бізге кезексіз жеткізіліп отырады», - деп атап өтті Дмитрий Горбунов. Оның айтуынша, елімізде тұтастай алғанда балаларға қатысты қажеттілік 80%-ға қанағаттандырылса, бұл көрсеткіш жаңа туған балалар бойынша 20% ғана екен. «Яғни бұл тұрғыдан даму керек. Жүрек ақауымен туған балалар қанша көп уақыт өткізіп алса, операция соншалық күрделі болады», - деп түйіндеді кардиохирург. Ол әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына ену үшін бала өлімін азайту керек екенін атап өтті. www.bnews.kz