Порошенко Украинадағы қантөгісті тоқтатудың жалғыз жолын атады

Украина Президенті Петр Порошенко Украинадағы қантөгісті тоқтатудың жалғыз жолы ретінде Ресей мен Украина арасындағы шекарада бақылауды күшейтуді және жасаққа қару жеткізуді доғаруды атады, деп хабарлады РБК.

Порошенко Украинадағы қантөгісті тоқтатудың жалғыз жолын атады
Путин мен Порошенко. Фото: m.kp.ru
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Порошенко Минскідегі келіссөздер барысында "әлемнің және Еуропаның тағдыры" шешілетіндігін мәлім еткен. Украина Президенті Ресей, Беларусь және Қазақстан көшбасшыларын оның бейбіт жоспарын қабылдауға және кепілдік беруге шақырды. Яғни, бейбіт реттеу барысында Донецк пен Луганск облыстары тұрғындарының мүдделері ескерілуі тиіс. ИТАР-ТАСС ақпаратына қарағанда, келіссөздер барысында Владимир Путин де Украинаның оңтүстік шығысындағы дағдарыстан шығу жолдарына қатысты өз ойларымен бөліскен.

Источник: ИА "Казинформ"