Яһудилер жаппай Ислам дінін қабылдап жатыр

Ислам дінін қабылдаған 21 жастағы Морал Малка есімді қыз өлкесіндегі сионистердің қоқан-лоққысына қарамастан Палестиналық Махмұд Мансұрмен үйленіп отыр. Малка мен Мансұрдың Йафа қаласында өткен тойында 200-ден астам полиция қауіпсіздік шараларының алдын алды. Той келінді Ришон Ресион ауданындағы үйінен ұзатудан басталған. Ұзату тойына шақырылған 800-ге жуық қонақтың қатысуымен күйеу жігіттің Йафа қаласындағы үйіне дейін «той шеруі» ұйымдастырылған, деп хабарлайды Islam.kz.

Алайда, күйеу жігіттің үйіне жақындап қалғанда алдарынан Моралдың мұсылмандықты қабылдауына қарсы израильдік ереуілшілер қарсы алған. Қайта күйеу жігіттің шешесі Февда Мансұр тойдан бұрын Израильдің бір басылымына мәлімдеме жасап, келінді ұзату кезінде мұсылмандарды қолдауға шақырған екен. Сол хабарды естіп тойға келген 800-ге жуық қонақ ереуілшілердің жаман пиғылдарын жүзеге асыруға жол бермеген. Алайда, келіні ереуілшілерден небір ауыр сөздер естіген. Алда енді күйеу жақтың ұйымдастыратын негізгі тойы бар. Ол тойда да мұндай оқиғалар болмас үшін жас жұбайлар сотқа шағым айта барыпты. Яғни, сионистердің LEHAVA ұйымы мүшелерінің тағы да ереуілге шығуларына тыйым салуларын өтінген. Израиль соты жас жұбайлардың өтініштерін толықтай орындамаса да, наразы топтың ереуілді той алаңынан 200 метр алыста ұйымдастыруына шешім шығарған. Міне, мұсылмандықты қабылдағандардың Израильде көрген күндері осындай. Бірақ соған қарамастан Израильде Исламды қабылдап жатқандардың саны азаятын емес. Орталығы Тель-Авивте орналасқан Маарив газеті Израильдің ішкі істер министрлігінің статистикалық мәліметтерін жариялапты. Ондағы мәліметке сүйенсек, Израильде соңғы он жылда жүздеген яһуди мұсылмандықты, ал ондаған яһуди христиандықты қабылдаған. 2000 жылдан бері жыл сайын 100-ге жуық яһуди жеке куәлігін мұсылман деп ауыстыруына өтініш береді екен.

www.bnews.kz