Алматыдағы "Сайран" және "Мәскеу" метро стансаларының ашылу датасы белгілі болды

12-08-14-almaty-metro-1

АСТАНА. 12 тамыз. Бүгін Алматы метрополитеніндегі қашықтығы 2,74 шақырымдық «Сайран» және «Мәскеу» стансаларының тоннельдері бір-бірімен түйісті. Бұл туралыKapital.kz порталы хабарлады.

Алматы метросы бірінші берілісінің екінші кезегіне жататын бұл стансалар аралығында екі қатарлы жол мен желдеткіш кешен салынған.

12-08-14-almaty-metro-4

Еске сала кетейік, метрополитен бірінші берілісінің екінші кезегі оң қапталдағы соқпағының құрылысы 2011 жылғы қаңтарда, ал сол жақтағы аралығы 2012 жылғы қаңтарда басталған еді. Қазір «Сайран» және «Мәскеу» стансаларындағы негізгі құрылымы жасалып бітіп, архитектуралық жеке жұмыстары жүріп жатыр.

Енді Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылы арасындағы Абай даңғылы астындағы «Мәскеу» стансасының қазба жұмыстары жаңа тоннельді сол қапталдағы соқпаққа жалғап, бұл тоннель құрылысын аяқтайды. Жер астын тесу жұмыстарын «Херренкнехт» тоннель тескіш кешені жүргізді.

Стансалары аралығы тоннельдерінің түйісу сәтіне Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысып, барлық жұмыстардың кестеге сай жүргізіліп келе жатқанын айтты. «Құрылыс жұмыстары барысында біздің шешуімізге тура келетін әлі біраз мәселелер бар. Бастысы, қаржыландырылу шешіліп қойылған қажетті ауқым, Мемлекет басшысы тарапынан нақты қолдау бар. Сондықтан биылғы жылдың соңына дйін екі станса да пайдалануға беріледі деп ойлаймын», — деп атап өтті Есімов.

12-08-14-almaty-metro-2

Екі жаңа стансаның ашылуы үстміздегі жылғы 1 желтоқсанда өтеді деп күтіліп отыр. Бұл қаланың орталық көшелеріндегі көлік тасқынының азаюына жол ашып, орталық пен тұрғын үйлер ауданын жалғайтын болады.

Мұрат Айтқожа.

Дереккөз:Kapital.kz.

Фото: Kapital.kz.