Отандық кәсіпкерлер Ресейге сүт сатқысы келмейді

Қазақстандық сүт зауыттары өз өнімдерін Ресейге экспорттауға құлықсыз. Отандық ірі кәсіпорындардың басшылары әзірге ішкі нарықтағы сұранысты қанағат етіп отырғандарын жеткізді деп хабарлайды КТК.

moloko128014 Есесіне Ресейдің сауда сөрелеріндегі польшалық картоптардың орнын біздің дихандардың жиған-терген өнімі баспақ.
Сондай-ақ, сарапшылардың айтуынша, Қазақстан көршілеріміздің күріш, бидай, ұн мен түрлі көкөніс және қарбызға деген сұрынысын да қанағаттандыруға мүмкіндігі бар екен. Өйткені отандық осы азық-түліктің көлемі өзімізден артылып, сыртқа сатуға жетеді екен. Сондай-ақ, АҚШ пен Еуропаның сансыз санкциясынан кейін есеңгіреп қалған көрші нарығына бізден өзге Оңтүстік Америка, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия сынды мемлекеттер де көмекке келмек. "Елімізде бір айдан кейін егістік алқаптарындағы картопты жаппай жинау науқаны басталады. Өздеріңіз білесіздер, бізде артық өнімді сақтайтын қоймалар жеткіліксіз. Сондықтан, дәл осы сәтті ресейлік әріптестеріміз тиімді пайдаланып, бізден ірі көлемде картоп алып кетулеріне болады", - дейді Қазақстанның ет-сүт өнімдері одағының төрағасы Иван Сауэр.

Источник: КТК арнасы