«Қара шаңырақ» телехикаясы көрсетіледі...

«Қазақстан» телеарнасында 25 тамыздан бастап, «Қара шаңырақ» сериалы көрсетіледі», - деп хабарлады «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз хатшысы Рауан Есқали.
45546101_semya
Телехикая әлеуметтік-идеологиялық бағытта түсірілген. Туған ел мен қара шаңырақты сүйіп, ата дәстүрді құрметтеу, отбасы құндылықтарын дәріптеу - сериалдың басты мақсаты. Сонымен қатар, бұл туындыда қарапайым тұрмыстық мәселелер, туған-туыс арасындағы қарым-қатынас суреттелген.    «Мұнда махаббат та, зұлымдық та, опасыздық та, түңілу де, үрей мен қайсарлық, сенім мен үміт, адалдық пен тазалық та бар. Сериал қарапайым отбасында өскен үш ағайынды туралы. Онда отбасында жақсы тәрибе алғанымен түрлі ортаға тап болған жігіттердің өмірі баяндалады», делінген хабарламада. Рөлдерде ағайындылардың рөлін: Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин сынды бірнеше тележобаларда көзге түскен актерлар сомдайды Сонымен қатар, рөлдерде Бақытжан Әлпейісов, Игорь Личадеев, Оксана Бойченко, рок-әнші Әсем Көпбаева және Саят Мерекеұлы мен Болат Әбділманов сияқты танымал тұлғалар ойнайтын болады.