Әйгілі Сары әулие емнің бір сеансы үшін $4000 алады

Өткен ғасырдың 90-ншы жылдары әйгілі болған емші Сары әулие емнің бір сеансы үшін ең кемі $4000 алады. Ең жоғарғы сыйақысы 70-80 долларды құрады.

Әйгілі Сары әулие емнің бір сеансы үшін $4000 алады

Бұл туралы ол Еуразия бірінші арнасының "Кешкі кездесу" ток-шоуында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Менің екі түрлі емім бар. Біреуі тегін. Ол көпшілік жамағат болған уақытта болатын ем. Ал кейбір адамдар оны қанағат тұтпай, жеке емге жазылатын болса, оның құны 4000 доллардан жоғары болады. Ең төменгі баға 4000 доллар", - деді ол.

Жүргізушінің "құпия болмаса, ең үлкен табысыңыз қанша болды?" деген сауалына соңғы уақытта көзден таса болған емші: "Ең жоғарысы 70-80 мың доллардай болған, - деп жауап бере келе, - Қазір менің емімнің өзі 4 мың доллар дегенге әрбір адамдар әртүрлі сөздер айтады, әрине. Бірақ әншілердің өзі бір кеште ән салып жеті-сегіз мың доллар алғанына ешкім таңқалмайды. Ал емдеу өлең айту емес қой. Менің дәрежемдегі адамдар 15-20 мың долларға да сөйлеспейді. Шетелдегі менің дәрежемдегі адамдар мүлдем сөйлеспейді. Өйткені 200-300 мың доллардан бастап миллион долларға дейін күрделі емдерді жасайды", - деді.

Жүргізушінің "сонда 4000 доллары жоқ адам өліп кете ме?" деген сұрағына, Сары әулие: "Әрине, жоқ, өліп кетпейді. Ол менің тегін сеанстарыма келе алады. Мен жеке сеанстарды тегін өткізбеймін дегенде, көбі ойлайды тегін емдегісі келмейді деп. Ал бірақ әрбір сеанс менің өзім үшін де өте ауыр тиеді, денсаулығыма нұқсан келтіреді. Ал исламның өзінде адамға өзін құрбандыққа әкелі тыйым салынған", - деп жауап берді.

Сондай-ақ Марат Есенбаев тоғыз баласының - бес ұл, төрт қызы - бар екенін жеткізді.

Ол үш жұбайы бар екенін, сонымен қатар жуырда төсек жаңғыртуға да дәмелі екенін жасырмады.

"Ол кісілердің (жұбайлары - ред.) екеуі - Атырауда, біреуі Алматы шаһарында тұрады. Бұлар ресми түрде ЗАГС-те бекітілмегенмен, Шариғат жолымен некеміз қиылған. Біздер Шариғат жолымен тұрамыз. Енді Аллаһ Тағалам сәтін салса, 4-ші жұбай да болады", - деді Сары әулие.

Ол төртінші әйелін қалған жұбайларының рұқсатымен алатынын айтып, олардың жанұяға қосылатын "жаңа мүшені" тағатсыздана күтіп, "қуанып отырғанын" айтты.

Атыраудағы екі жұбайы бірге тұратынын айтқан Марат қажы "Бәріміз де бірге тұрамыз. Біздердің тәрбиеміз ислами болғандықтан, бақталасу, көре алмау жоқ. Жұбайларым ондай нәрседен пәк адамдар. Олар қайта қуанады. Бір үйдің адамдары ретінде бір біріне жан пида. Біз өте берекелі жанұяға жатамыз", - дегенді алға тартты.

Источник: NUR.KZ