Атақты футболист соңғы рет пас берді де алаңда жан тапсырды

1213
0
Бөлісу:

КСРО құрамасы және Киевтің «Диномосы» командасының бұрынғы ойыншысы Андрей Баль жасы 57-ге қараған шағында кенеттен көз жұмды. Ол өзінің жоғарыдағы екі құрамда бірге ойнаған әріптес досы Владимир Бессоновтың қолында, футбол алаңында жан тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат.

Атақты футболист соңғы рет пас берді де алаңда жан тапсырды

«Біз, ардагерлер ретінде, жылдар бойы қалыптасқан дәстүрімізге сай, күндізгі сағат 11-де орталық стадион алаңдарының бірінде жиналған едік. Андрей тура менің қолымда өлді деуіме болады. Ол пас берді де, кенет ешкіммен қақтығыспастан, құлай кетті», – деді Владимир Бессонов оқиға орын алғаннан кейін.

«Андрей Баль аса көрнекті футболшы және сыйлы адам еді. Оның ашық-жарқын мінезі, қарапайымдылығы, көңілділігі ерекше еді… Ол әрқашан ұжымның сәні болатын. Көпшілік арасында әрдайым қасындағылардың рухын көтеріп жүретін. Біз онымен 1976 жылы КСРО-ның жасөспірімдер құрамасы сапында Еуропа чемпионатын, келесі жылы әлем біріншілігін жеңіп алғалы бері бірге келеміз. Андрей бекерден-бекер команда капитаны болған жоқ. Ол қашанда алда, алғы шепте жүретін. Өкініштісі, өмірден ерте кетіп барады. Ол әлі бұл дүниеде, әсіресе, футболда талай нәрсе жасайтын еді», – деді бұрынғы әріптесі.

Баль 1958 жылы 16 ақпанда Львов облысының Роздол поселкесінде туған. Қорғаныс пен жартылай қорғаныс шептерінде ойнады. Футболшылық мансабының басым бөлігін Киевтің «Динамосында» өткізді. КСРО құрамасы сапында 1981-1989 жылдары ойнады. 1982 және 1986 жылдары әлем чемпионаттарына қатысты. КСРО-ның 1981, 1985, 1986 және 1990 жылдарғы 4 дүркін чемпионы. КСРО Кубогының 4 реткі (1982, 1985, 1987, 1990) иегері. Кубок иелері кубогының 1986 жылғы жеңімпазы.

Соңғы жылдары Андрей Баль Киевтің «Динамо» командасы құрылымында жаттықтырушының ассистенті, жаттықтырушы-селекционер болып қызмет етті.

Источник: ИА «Казинформ»

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу