Эрдоған Түркия президенттігіне сайлауда жеңіп шықты!..

Түркияның Премьер-Министрі Тайип Эрдоған елде тұңғыш рет өткізілген президент сайлауында 52,1% дауыспен жеңіп шықты.

Тайип Эрдоған Түркия президенттігіне сайлауда жеңіп шықты
Реджеп Тайип Эрдоган

Осы сәтке дейін дауыс беру бюллетендерінің 99%-ы қаралып болды. Эрдоған бірінші турда 50 пайыздан жоғары дауыс жиғаны себепті сайлаудың екінші туры өткізілмейді.

Ресми қорытындыны осы аптаның басында орталық сайлау комитеті жариялайды.

Источник: ИА "Казинформ"