Киевте белсенділер тағы да алаңға шықты

7 тамыз күні таңертең Майдан аумағында Киевтің коммуналдық қызмет мамандары баррикадаларды қирата бастады. Бұл туралы оқиға орнынан Киевтегі BNews.kz меншікті тілшісі хабарлап отыр.

Киевте белсенділер тағы да алаңға шықты
Майдан. Фото: РИА Новости.Андрей Челышев

Крещатникке жүк көліктері, кран мен бірнеше бульдозер келді. Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда коммуналдық жұмысшылар жол үстін алып тұрған баррикаданы еш кедергісіз қиратып жатқан. Баррикадалардың арасында ақпан айында бүлікшілер басып алған су атқыш техника да бар.

Оны да кранмен жүк көлігіне салып, өзге ірі жүктермен тасымалдап жатқан. Соңыра жинау жұмыстарына Майданның күзетшілері кедергі келтіріп, аумақты босатуларын талап етеді. Дау ошағына күш құрылымдары тартыла бастағанда, күзетшілер дөңгелектерді өртеп, қаланы қара түтінге малды.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал басталмас бұрын оқ атылып, жарылыстар болған. От жалынын тоқтату үшін өрт сөндірушілер тез жеткенімен, от ошағына кедергілердің кесірінен жете алмады.

Қазір өрт сөндірушілер от ортасына шланг тартып, жанған дөңгелектерді өшіріп жатыр. Майданның тұрғындары қарсылық көрсетіп, күш құрылымдарына да, коммуналдық қызметкерлер мен журналистерге де дес берер емес.

Олардың айтуынша, Майданды жинауға қала мэрі Виталий Кличко бұйрық берген.