Лондон миллионерлер көп тұратын қалаға айналды

Лондон миллионерлер көп тұратын қалаға айналды, делінген оңтүстікафрикандық New World Wealth консалтинг компаниясының зерттеулерінде. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Лондон миллионерлер көп тұратын қалаға айналды

Сарапшылардың бағалауынша, 3 пайыздан астам лондондықтардың таза активтері миллион доллардан асады. New World Wealth зерттеулеріне қарағанда, қалада 395 600 долларлы миллионерлер тұрады.

Өткен жылы осындай зерттеу қорытындысымен Лондон Токио мен Нью-Йорктен кейін үшінші орынға шыққан болатын. Лондон әлемдегі дәулетті адамдарды Еуропадағы бас қаржы орталығы ретінде өзіне тартуда.

New World Wealth зерттеу жүргізуде ірі бағалы заттарды сатып алу, соның ішінде, өнер туындыларын, жеке ұшақтар, жылжымайтын мүлік, яхта сатып алу статистикалық мәліметтері қаперге алынды.

Есепте миллионерлердің өздері тұратын үйлері мен пәтерлері есепке алынған жоқ, бірақ басқа жылжымайтын мүліктері ескерілді.

Источник: ИА "Казинформ"