Назарбаев барлық базарларды жабуды тапсырды!..

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбідегі үкімет отырысында елдегі барлық ұйымдастырылмаған базарларды жабуды тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

8_akorda "Қазақстанда жүз мыңдаған базарлар ұйымдастырылмаған. Ол жерлерде түрлі бассыздықтар орын алады. Біздің кәсіпкерлердің осы пайдалы істі өз қолдарына ала алмағандары ма? Жақсы, жабық, ұйымдастырылған сауда орталықтарын салу қажет", - деді Назарбаев.

Оның пікірінше, әкімдер, "дереу жер беріп, оларды еркін сауда аймағына кіргізіп, салықтан босатып, елдегі барлық ұйымдастырылмаған базарларды жабуға тиіс".