Виски бедеулікке шалдыруы мүмкін...

Ресей "Бурбон" вискиінен қауіпті заттар тапты

©РИА Новости
АҚШ-та өндірілетін "Бурбон" вискиінен қауіпті заттар табылды, - деп хабарлайды РИА Новости Роспотребнадзорға сілтеме жасап. Алкоголь өнімі Кеден одағы талаптарына сәйкес келмегендіктен мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген. "Бұл спирттік ішімдіктен орталық және перифериялық жүйке жүйесінің, эндокринді жүйенің өзгеруіне, онкологиялық аурулар мен ер адамдардың және әйелдердің бедеулігіне соқтыратын фталаттар анықталды", - делінген таратылған хабарламада. Роспотребнадзордың мәліметінше, "Бурбон" вискиі (Америкалық Barton 1792 Distillery компаниясының (КЕНТУКИ СТРЭЙТ БУРБОН "КЕНТУКИ ДЖЕНТЕЛЬМЕН" вискиі) Кеден одағы техлегламенті талаптары бойынша мемлекеттік тіркеуден өтпеді. Дегенмен виски тауарбелгісінде Кеден одағына мүше елдер нарығына арналған "ЕАС" бірыңғай таңбасы көрсетілген. Қазіргі уақытта "Бурбон" вискиінің мемлекеттік тіркеуден өткізілмеу дерегі бойынша тексеру жүріп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Роспотребнадзор америкалық McDonald's мейрамханалар желісінен бургер өндірісіндегі заңсыздықтарды әшкерелеген болатын. Ведомствоның мәліметінше, бұл өнімдер өз құрамындағы май, ақуыз, көмірсу мөлшері және энергетикалық құндылығы жөнінен технологиялық нормалардан ауытқиды. http://kaz.tengrinews.kz/russia/resey-burbon-viskinen-kaupt-zattar-taptyi-255792/