Балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршінді ұрып-соққан...

Алматы балабақшаларының бірінде тәрбиеші бүлдіршінді ұрып-соққан. Ата-аналардың айтуынша, мұндай оғаш қылықты олар күні кеше біліпті.

Балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршінді ұрып-соққан

Мемлекет меншігіндегі мекеме қызметкерінің өрескел әрекеті туралы балалардың бірі анасына айтқан. Мәселені жан-жақты тексеру үшін іске құқық қорғаушылар араласқан.

Бұл - балаларды түзеу мекемесі емес, тәрбиелейтін орын ғой деп шағымданған ата-аналар құқық қорғаушылармен бірге мән-жайды білмекке балабақшаға келді. Алғашында шақырылмаған қонақтарды тосырқай қабылдаған мекеме қызметкерлері ашылып жауап бергісі келмеді.

Бүлдіршіндердің айтуынша, жазалағыш тәрбиеші - балабақшаның әдістеме бөлімінің меңгерушісі. Алайда ол ешкімге қол көтермедім деп азар да безер. Ал тәрбиеленуші балалар болған жайды боямасыз баяндап берді. Олардың сөзіне сенсек, Қымбат есімді тәрбиеші айтқанына көнбеген балаларды аздап жазалап алады екен.

Балаларын кешкі мезгілде ғана көретін ата-аналар балабақша жайында тәптіштеп сұрамайтындарын айтады. Тәрбиешілерге толық сенім артып, еш алаңсыз қызметте жүреді. Тек соңғы кезде баласының мінезі күрт өзгергеніне алаңдап жүргенін мына ата-ана жеткізді.

Түнде шошып оянатын болды. Үйдің ішінде емін-еркін ойнап жүруші еді, келесі бөлмеге баруға қорқатынды шығарды. Ызақор, ешкімді тыңдамайтын болып кетті. Сұрасам, ештеңе айтпайды.

"Түнде шошып оянатын болды. Үйдің ішінде емін-еркін ойнап жүруші еді, келесі бөлмеге баруға қорқатынды шығарды. Ызақор, ешкімді тыңдамайтын болып кетті. Сұрасам, ештеңе айтпайды", - дейді Айя Әділбекова.

Әпкесі мен інісі бұған дейін екі топта болған. Жаздың басында тәрбиешілер демалысқа кеткендіктен, бір үйдің екі баласы бір топқа түседі. Әпкесі інісін жазалаған тәрбиеші жайында анасына жеткізген. Ал мекеме басшылығы тәрбиешілер ондай әрекетке бармайды деп сендіруде. Керісінше, баланың сөзіне сеніп, түймедейді түйедей қылды деп ата-аналарды айыптайды.

"Мен сіздерді түсініп тұрған жоқпын.Ең бірінші, ата-ана жалобы жасау үшін бізге хабар беру керек. Қанша канал бар, бәрін шақырса, рұқсатсыз түсіре бересіздер ма? Болып жатқан нәрсені неге айтпайды?", - деп ренжіді балабақша меңгерушісі міндетін атқарушы Гүлімжан Жайлаубаева.

Ата-аналардың шағымы бойынша құқық қорғаушылар тиісті тергеу амалдарына кірісіп кетті. Егер жас тәрбиешінің бүлдіршіндерге қол көтергені анықталса, оны қылмыстық жаза күтіп тұр. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/323437.html

31 арна