Украинаның сепаратистері тағы екі ұшақты атып түсірді!

Украинаның шығысындағы сепаратистер 23 шілде күні украиналық екі Су-25 әскери ұшағын атып құлатты деп хабарлады осы елдің үкіметі.

ұшақ апаты малайзия

Ұшқыштар секіріп үлгерген. Бұл мәліметті Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі өкілі Андрей Лысенко да растады.

Бұдан бұрын Украинадағы ресейшіл сепаратистер басшысы Игорь Стрелков интернетте Саур-Могила маңында Украина ұшағы атылғанын, тағы бір ұшақ бүлінген болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Әскери ұшақтар құлаған маң Донецк облысының 17 шілдеде малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған Шахтер ауданында.