Республика сарайы сатылмайтын болды!

Премьер-министрдің орынбасары, еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекет қарауындағы нысандардың жекешеленуі жайындағы сыбыстың жай ғана алып-қашпа әңгіме екенін мәлімдеді.

dvorec_respublikiki

"Мүлікті жария ету-2014" бағдарламасын халыққа түсіндіру мақсатында көрермендермен тікелей байланысқа шыққан жауапты ведомство басшылары мен өкілдері жекешелендіруге қатысты сұрақтарға да жауап берді.

"Қате ақпарат жиі айтылып жүр. Мәселен, Республика сарайына қатысты. Ол сатылмайды. Өйткені, тікелей коммуналдыжауапкершілікте. Ал, бәсеке ортасына осы сарайға қарайтын ЖШС-лар шығарылмақ", - деді Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде мүлікті жария ету науқаны басталады. Оның аясында азаматтар бұрын жасырын болып келген дүние-мүліктерін заңдастырып алуға мүмкіндіктері зор.