Илья Илин күміс медальді қанағат тұтты...

Алматы қаласында белгілі ауыр атлет Анатолий Храпатыйды еске алуға арналған ауыр атлетикадан турнир өтіп, оған Ұлттық құрама сапындағы көптеген спортшылар қатысты деп хабарлайды Қазақпарат. Илья Илин күміс медальді қанағат тұтты

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин де Алматыдағы турнирде бақ сынаған болатын. Сыр өңірінің спортшысы бұл жолы чемпиондық тұғырдан табыла алмады. Илья жарыста 105 келі салмақта тұңғыш рет бақ сынап, күмісті қанағат тұтты. Жаңа салмақ оның оң жамбасына бұл жарыста келмегенге ұқсайды. Ол жалпы алғанда 424 келіні бағындырды.

Алтын медаль Ибрагим Берсановқа бұйырды. Ол бұған дейінгі барлық халықаралық және республикалық жарыстарда тек қана алтын медаль олжалап келеді. Алдағы уақытта ол жаңа салмағында да жеңімпаз тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз делінген хабарламада. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/322816.html

ҚазАқпарат